Жаңалықтар



Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде 12 Сәуір 2024

2024 жылғы 12 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған "Жүректен жүрекке" республикалық акциясы аясында Қарағанды қаласының Достық үйінде орналасқан көмек жинау пунктінен Қостанай облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық жүк жөнелтілді.  

Өңірде көмек жинау пункті жұмыс істеп тұр 09 Сәуір 2024

Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен-жүрекке» республикалық акциясы аясында Қарағанды қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөніндегі облыстық штаб өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен-жүрекке» республикалық акциясы аясында Қарағанды қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жөніндегі облыстық штаб жұмысын жалғастыруда.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! 09 Сәуір 2024

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 23 сәуірден 22 мамырға дейінгі кезеңде «Қарағанды ​​облысының ішкі саясат басқармасы» ММ,  Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қарағанды облысының ақпараттық–талдау орталығы» КММ  және Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы бастау алды 04 Сәуір 2024

2024 жылғы 3 сәуірде елордалық Достық үйінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың төрағалығымен ҚХА республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн-отырысы өтті. 

"ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!" атты мерекеге арналған іс-шара өтті 22 Наурыз 2024

Ұлыстың ұлы күні Достық үйі алаңында "ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!" атты мерекеге арналған іс-шара аталып өтті.

Достық үйінде "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" семинары өтті 18 Наурыз 2024

Бүгін Қарағандыда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Шанаи Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.

Шаңырақ күні қарсаңында "Наурыз-базарлық" акциясы өтті 17 Наурыз 2024

Бүгін "Наурыз мейрамын" мерекелеу онкүндігінің "Шаңырақ" күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Қарағанды қаласының перзентханаларында жаңа туған балалардың ата-аналарын құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

"Көрісу күні" атты мерекелік қайырымдылық іс-шарасы өтті 14 Наурыз 2024

Бүгін Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұжымы "Ассамблея жастары" РҚБ-мен бірлесіп қарттар үйіне барып қайтты. 

"Достықтың арулары" мерекелік шара өтті 06 Наурыз 2024

Бүгін Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы Бикенов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен келісімді нығайтуда және қоғамдық-саяси өмірге үлес қосқан нәзік жандармен кездесіп, оларды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Страницы: 12345

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru