Журналистер клубы

Төрағасы: Ерсін Кәрібайұлы Мұсабеков
«Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары

2017 жылдың  21 қараша күні Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде журналистер мен сарапшылар Клубы құрылды ,ол облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық және ақпараттық орган болып табылады.



Клуб құрамына этносаралық мәселелерді қамтитын, 19 өңірлік және аймақтық БАҚ өкілдері кіреді.
Журналистер мен сарапшылар клубының мақсаты: Мемлекеттік төзімділікті, этносаралық, конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға ықпал жасау, Журналистикалық этиканың принциптерін сақтау, дамыту және енгізу, сондай-ақ, этносаралық және конфессияаралық қатынастар тақырыптарын жариялау мәселелерінде журналистік қауымдастықта жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Журналистер мен сарапшылар клубы мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, этносаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөнінде ұсыныстар дайындап, ақпараттық материалдарды баспа түрде, электрондық тасымалдауыш арқылы, аудио, видео, фото, кино өнімдері түрінде және басқаны дайындап шығарады және таратады.


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru