Шілдехана

Бәріміз білетіндей қазақ халқы думаншыл, тойшыл қауым болып саналады. Олардың өмірінде орын алған әрбір қуаныштың соңы тойға ұласып жатады. Сондықтан да, халқымыз ақжарқын, қонақжай.
Әке арманы - соңында ұрпақ қалдыру, ана арманы - сәби сүю. Қазақ халқы ата жолын жалғастырар ұрпақтың  тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олардың өмірімен біте-қайнасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің барлығы өскелең ұрпақты қорғау, тәрбие беруге байланысты. Сондықтан да, нәрестенің дүниеге келуі, оның өсіп жетілуіне де қатысты көптеген ырым-тыйым, салт-дәстүрлер қалыптасқан. Сәби өсіп кәмелеттік жасқа толғанша «шілдехана», «бесік той», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «сүндет той» т.б осы тәрізді дәстүрлер өткізіледі. Олардың алғашқысы - «Шілдехана».
Шілдехана - бізге ежелден жеткен салт. Ол дүниеге жаңа келген сәбидің құрметіне жасалынатын дәстүр. Байырғы заманда, нәресте дүниеге келгенде жақындағы-алыстағы туыстарына, жора-жолдастарынан сүйінші сұрап жаушы жіберетін болған. Осылайша сүйінші хабарды «жылқышы», «ат ұстар» туды деп - ұл баланы, «сауыншы» немесе «көйлек тігер» туды деп - қыз баланың дүниеге келгенін хабарлаған. Сүйінші хабарды естіген барлық көрші, ағайын, туған-туыс шілдеханаға жиналған. Оған «перзенттің бауы берік болсын, аман-есен өсіп азамат болсын» - деп тілек айтып шашу шашып келген. Жиналғандар домбыра тартып, ат шаптырып думан-той жасаған. Бұдан кейін де сүйінші хабарды естіген адамдар шақырусыз жиналып, шілдеханаға келе береді. «Шілдехана» негізінен үш (қырық) күнге дейін тойланады. «Қалжа мал» сойылып, қуанышқа жиналған халық жақсы тілек айтып, астан дәм татады. Асылған малдың омыртқасы әбден мүжіліп болғаннан кейін тобылғыға тізіп биікке іліп қояды. Омыртқа сүйегін тек әйел адамдар ғана мүжиді. Ол ана мен балаға ізгі ниет білдіру және өзінің де сәби сүйгісі келетін абысын, жеңгейлерге, келіншектерге беріледі. Бұл – сәбидің мойны тез бекісін деген ырым.
Шілдехана тойының нәресте дүниеге келгенде өткізілуінің басты себебі, оны жын-періден  «күзету» деген наным-сенімге байланысты. Сәби дүниеге келгенен кейін алғашқы қырық күн ана мен бала үшін қауіпті кезең саналған. Оларды тіл-көзден, жын-шайтаннан сақтау үшін қырық күн көп ешкімге көрсетпей, бөлмесіне шырақ жағып күзетіп, күтіммен қараған. Сондықтан да, «шілдехана» салтын «шілде күзет» деп те атаған. Парсы тілінен аударғанда ол «қырық күн күзет» деген мағына береді.  Сәбидің дүниеге келген күніне орай жастар жиналып ойын-сауық өткізіп, үлкендер жағы бата-тілектерін айтып той жасайды. Сәбидің дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы тойы – шілдехана болып есептеледі. Және  отбасында перзенттің дүниеге келіп, қуанышты атап өтуі болғандықтан дәстүрдің негізгі мән-мағынасы сақталған десе де болады. Шілдехана тойына келген әрбір қонақ өзімен сәбиге арналған сыйын ала келеді.  Бұрын ол ер балаға ат әбзелдері қамшы, қыз балаға жүзік, сырға, шашбау болған

 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru