Жаңалықтар



Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған кездесу өтті.


фото к новости

Бүгін академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттерімен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған кездесу өтті.

Кездесуді академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Хлебников Игорь Дмитриевич өткізді.
Іс-шара барысында Әлияның өмірі мен жауынгерлік жолы туралы айтылып, қазіргі кезде жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы айтылды.
Кездесудің басты мақсаты – батыр қыздың ерлігі туралы баяндау, студенттердің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өзін қоршаған ортада жаман мен жақсыны ажыратып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге, батырдың ерлігін үлгі тұтуға үйрету, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу болды.
Әлия есімі – біз үшін өнеге, біз үшін мақтанышпен айта алатын, тарихта алтын әріптермен жазылған есім. Батырдың өзі өлсе де, біз үшін есімі мәңгі өлген жоқ!


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru