Жаңалықтар



«Ел қуаты-бірлікте» атты кеңейтілген отырысы өтті 16 Қараша 2023

2023 жылдың 16 қараша күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Жайықбайұлы Махан, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исмаилов Ақбаржон Яхияхожаұлының қатысуымен Қарағанды облысының Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел қуаты-бірлікте»  атты кеңейтілген отырысы өтті.

Тарихи-танымдық экспедиция 14 Қараша 2023

14-18 қараша күндері Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мен Түркістан облыстарында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Елтану" жобасы аясында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық  экспедициясы Қазақ тілін жақсы меңгерген, ұлттық аспаптарында ойнайтын әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткен өңірлік байқауларының жеңімпаздары, көп балалы отбасылардың балалары, сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, блогерлер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қарағандыда «Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды 01 Қараша 2023

1-қараша күні Достық үйінде «Мың бала»жобасының облыстық кезеңнен өткен жеңімпаздарын марапаттау  рәсімі болып өтті.

 

“Ұлы даланың ұлтаралық тілі” атты облыстық форум 23 Қазан 2023

Бүгін Қарағанды қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған “Ұлы даланың ұлтаралық тілі” атты облыстық форумы өтті.

"Қазақтану" жобасы аясында Республикалық лекторий өтті. 17 Қазан 2023

Бүгін Қарағанды қаласы, Достық үйінің конференц залында «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің Қазақстандық үлгісін ілгерілету» атты Республикалық лекторий өтті.

"Қазақтану" жобасы аясында Қарағанды өңірінің бірнеше аймағында лекторий өтті. 03 Қазан 2023

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің  қазақстандық моделін танымал ету жөніндегі  өңірлік лекторий шеңберінде "Қазақтану" жобасын жүзеге асыру мақсатында Теміртау, Саран, Шахтинск,Абай, Ботақара кенті,  Осакаров, Нұра ауданы өңірлеріне іс-сапарға шықты.

Қарағанды қаласының Достық үйінде медиация бойынша семинар өтті. 29 Қыркүйек 2023

2023 жылғы 27-29 қыркүйек ар​алығында Қарағанды қаласының Достық үйінде медиация туралы курстар өткізілді.

«SARYARQA JASTARY» жастар форумы 28 Қыркүйек 2023

26-28 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласы, Долинка кенті, Қарқаралы ауданында Қарағанды облысы ҚХА ұйымдастыруымен «SARYARQA JASTARY» жастар форумы өткізілді.

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы 14 Қыркүйек 2023

14 қыркүйек күні Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» және 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Президенттің биылғы Жолдауындағы Ассамблеяның негізгі бағыттары талқыланды.

Страницы: 12345

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru