«Спадчына» белорус мәдениетінің облыстық қоры
Александр Александрович Хука, «Спадчына» белорус мәдениеті облыстық қорының директоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
«Спадчына» белорус мәдениетінің облыстық қоры 2002 жылдың қаңтарында тіркелді. «Спадчына» орталығының құрылуы – облыстағы белорустарды біріктіріп, белорус тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқып-үйренуге, түрлі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік ашты.
«Спадчына» белорус мәдениетінің қоры мемлекет пен қоғамның рухани дамуына өз үлестерін қосуда. Облыста өткізілетін түрлі дөңгелек үстелдер мен конференциялар, балалар мен үлкендер лингвистикалық лагерлерін, шығармашылық фестивальдерін ұдайы ұйымдастырып тұрады.
Белорус мәдениеті қоры жанынан белорус тіліндегі кітаптардан кітапхана жинақталған. Қорға Белорусиядан үнемі көркем әдебиет және мерзімді басылымдар келіп тұрады. Белорус Республикасы жоғарғы оқу орындарына облыс түлектерін жіберу жұмыстары қарастырылуда. Қор белсенділері мұқтаж адамдарға материалды, моральдік және құқықтық көмек көрсету жұмыстары қарқынды жүргізіледі.
Белорус қоғамының шығармашылық ұжымы халық шығармашылығы бойынша өткізілетін республикалық, халықаралық фестивальдерге атсалысады. Белорус облыстық этникалық тобы тарихи отанмен экономикалық, ғылыми және саяси-қоғамдық байланыс орнатқан.