«Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Николай Васловасович  Плушкис - «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

«Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2005 жылдың сәуір айында тіркелді.
Қазақстандағы Румыния Елшілігінің көмегімен, бірлестік румын халқының тарихы мен ана тілін оқытатын курс ұйымдастырды. Сондай-ақ, қарағандылық румындардың тарихи отандағы туған-туыстармен байланыс орнатылған. Румыния Үкіметі этномәдени бірлестік жастарына Румыния оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беріп, оқу гранттарын бөлді. 
Румын қоғамының мақсаты:
- мәдени-ағартушылық қызмет;
- облыс аумағында тұрып жатқан румындардың әлеуметтік, шығармашылық және мәдени қызығушылықтарын жүзеге асыру;
- халықтар достығын нығайту;
- румын тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап қалу;
- этносаралық қарым-қатынасты жетілдіруге атсалысу.
2013 жылы «Дакия» румын мәдени қоғамының қолдауымен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде румын тілін үйрететін дәрісхана ашылды. Университет студенттері енді румын тілін басқа шет тілдермен қатар оқуға мүмкіндігі бар.
Румын қоғамының шығармашылық ұжымы Румынияның халықаралық фестивальдері мен байқауларында табысты өнер көрсетіп, облыс намысын қорғап жүр. Республика мен облыста өтетін мерекелік іс-шараларға белсенді атсалысады. «Дакия» румын мәдени қоғамы жанынан құрылған этнофольклорлы «Доруле» ансамблі Румыния, Сербия, Молдовада өткен фестивальдердің бас жүлде иегері.
«Дакия» қоғамдық бірлестігі 2013 жылдан бастап жыл сайын Қарағанды облысында Қазақстан мен Орта Азия бойынша өткізілетін «Мэрцишор» румын мәдениеті фестивалінің құрылтайшысы. Қоғам Қазақстанда танымал Молдова мен Румыния әртістерінің концерттерін ұйымдастырып тұрады.
Этномәдени бірлестік Спасск мемориалды кешенінде саяи-қуғын сүргінге ұшыраған румындарға естелік тақтайшасын орнатуға үлкен еңбек сіңірді.
Румын қоғамдық бірлестігінде әртүрлі жастағы азаматтар дайындалатын демалыс мектебі жұмыс істейді. Оқу әдебиетін Румыния елшілігі ұсынған. Бірлестік мүшелеріне тарихи отанда тілдік әлеуетін арттырып, румын мәдениеті, дәстүрлерімен танысуға бірегей мүмкіндік қарастырылған.
 


 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru