«LITUANICA» Литва ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі
Виталий Ионо Тварионас – «LITUANICA» қоғамдық бірлестігі төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Құрметті консулы, Қазақстан және Литва Республикасы Президенттері Құрметті мақтау қағаздарымен марапатталған.
2003 жылдың қазанында Қазақстандағы Литва Республикасы Елшілігінің қолдауымен Қарағанды облысында тұратын литва азаматтарының бастамасымен «LITUANICA» Литва ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі тіркелген болатын.
Қарағанды, Балхаш, Жезқазған қалаларында саяси-қуғын сүргінге ұшыраған литвалықтарға ескерткіш тақтайларын қою үшін этномәдени бірлестік үлкен үлес қосты. Бірлестік төрағасы Вильнюсьте өтетін ливатлықтардың халықаралық конференциясының және Литваның Евросоюз шараларының қатысушысы, Литва мен Қазақстан арасындағы көлік тасымалдары шартының дәнекері. Этномәдени бірлестік мүшелері Литва Республикасы Елшілігімен тығыз байланыста.
Орталық, облыстың және қаланың мерекелік іс-шараларына белсенді атсалысады, ана тілі мен мемлекеттік тілді оқыту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға баулу, литва мәдениетін дамытумен айналысады.
Литва бірлестігі жанынан демалыс мектебі жұмыс істейді, онда әртүрлі жастағы азаматтар дайындалады. Барлық әдебиеттермен Елшілік және Литва азшылық ұлттар департаменті қамтамасыз етеді. Қоғам мүшелері өздерінің тарихи отанында тілдік тәжірибеден өтіп, өнермен айналысуға толық мүмкіндіктері бар.
Бірлестік патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударады. Отанға, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік – елдің дамуына әсер ететініне қоғам мүшелері сенімді. Этномәдени бірлестікте Президент Жолдауының негізгі тәртібін, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жетістігін, этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін үнемі насихаттап келеді.
Этномәдени бірлестік Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығымен бірлесе отырып «Память во имя будущего» жобасы аясында жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шараларды өткізіп, ғылыми еңбектердің тұсаукесерін, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, репрессияға ұшыраған азаматтардың тағдыры жайында көрме ұйымдастырып отырады.
Этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымы облыстық және республикалық көлемдегі шараларға белсенді қатысады.