«Дружба» Қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіг
Ян Дэ-Си - «Дружба» Қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі.
«Дружба» Қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2006 жылы тіркелді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы идеяларын жүзеге асыра отырып, қытай халығы мен Қарағанды облысындағы басқа этностардың тарихы мен мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға, қайта жаңғыртуға үлес қосу.
«Дружба» қытай этномәдени бірлестігінде қытай тілі, Қытай мәдениеті, дәстүрлерінің негізін оқытатын курстар өткізіледі. 2007 жылы этномәдени бірлестік «Технология және Дизайн» Пекин институтымен келісімшартқа отырып, Қазақстан студенттері Қытай елінде білім алатын мүмкіндік ашылды.
«Дружба» қытай орталығының мүшелері 2010 жылы Алматы қаласында өткен «Мемлекеттік және ана тілін оқу» байқауында айтарлықтай жоғарғы көрсеткіш көрсетті.
2007 жылы этномәдени бірлестік Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орындарымен өзара серіктестік шартқа қол қойды. Осы шартқа сәйкес гуманитарлық мамандық студенттері этномәдени бірлестікте қытай халқының тілін, дәстүрін оқып, тәжірибеден өте алады.