Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  аясында  Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. 
Ол Қазақстан жұртшылығының бойында біртұтас ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын дәріптеуге, сондай-ақ Қазақстан этностарының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілетуге бағдарланған.
2018 жылы жоба Достық үйлері, өңірлердегі ҚХА кафедралары базасында, сондай-ақ ҚХА-ның республикалық лекторийлері  мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының семинар-тренингтері аясында жүзеге асырылатын болады. 

Жобаның негіздемесі:
Қазіргі заманда әлемдегі жалпы жаһандану және  коммерцияландыру үрдісі, рухани және мәдени саланы қоса алғанда, адам өмірі мен қоғамның барлық саласын бір ізге салуға пәрменді ықпал етуде. 

Мұндай жағдайда бірегейлікті сақтау үшін:
қазақстандық ұлттың негіз қалаушы, бірегей мәдени кодтарын сақтаудың, нығайтудың және дамытудың жаңа жанды нысандарын табу; 
солардың негізінде қоғамдық сананы одан әрі рухани жаңғыртуға арналған тиімді драйверлерді қалыптастыру  қажет.
Бұл ретте қазақтың ұлттық құндылықтары, тарихы мен дәстүрлері шоғырландырушы құндылық болып табылатын өзектің рөлін атқара отырып, осы үрдістің алғышартына және негізіне айналуы тиіс.   
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы, қазақ халқының жалпықазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайтудың біріктіруші рухани бастауы болып табылатын мәдени феномендерін және басты ізгілікті қағидалары мен  императивтерін ашуға, таратуға және оны Қазақстанның барлық этностарының қабылдауына бағытталған.  

Жобаның мақсаты:
ҚР  халқының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін  сіңіруге арналған жүйе жасау. 
Бабалардан келе жатқан байырғы аумақта, қазақ халқының біріктіруші мәдени-тарихи рөлі мен ортақ тарих, азаматтық бастаулар негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру. 

Жобаның міндеттері:

  • Қазақстан этностарының қазақ халқымен өзара іс-қимыл жасау саласын кеңейту және коммуникацияның жаңа арналарын жандандыру;
  • әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ойлау қалпы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін қалыптастыру;   
  • қазақ халқының тарихы, өнері, дәстүрлері, философиясы туралы ақпаратты басқа этностардың өкілдерінің қабылдауы және таратуы үдерісінде ҚХА құрылымдарының (қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңестерінің, Достық үйлерінің, медиация кеңестерінің, ҚХА кафедраларының, ҚХА ғылыми-сараптамалық топтарының, ҚХА журналистер клубтарының, этномәдени бірлестіктердің) рөлін арттыру;
  • қазақ халқының құндылықтарын түсіну, қабылдау және тарату үрдісіне жастарды белсенді түрде тарту,  оның ішінде ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының құрылымдары арқылы, сондай-ақ солар бастамашылық жасаған және іске асыратын іс-шаралар, жобалар мен бағдарламалар арқылы; 
  • қазақ халқының құндылықтарын барша қазақстандық этностардың құндылықтар жүйесіне үйлесімді түрде қосу;   
  • қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани игеру  арқылы Қазақстан этностарын шоғырландыру;   
  • қазақ халқының тұтас тарихындағы және қазіргі заман жағдайындағы оның мәдениетінің, құбылыстары мен өмір салты нысандарының бірегей сан алуандығына жаңа  синтетикалық көзқарасты тұжырымдау.

Жобаның ерекшелігі:
Жоба қоғамды шоғырландыру үрдістеріне қазақ халқының мәдени кодының базалық парадигмаларын кіріктірудің, қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтарды біріктірудің негізі, сондай-ақ үйлесімді этносаралық іс-қимылды құрудың бастауы ретінде қызмет етеді. 
Жоба аясында ҚХА алаңшаларында қазақ мәдениетінің, қоғамы мен мемлекетінің қалыптасу және даму үрдісін түсіну тұрғысынан алғанда бірегей қағидаттар мен аспектілер болып табылатын:

  • толеранттылық;
  • өз ошағыңды құрметтеу;
  • туған жерге деген сүйіспеншілік;
  • ана тілге деген құрмет және сөз құдіретін кең мағынада түсіну; 
  • қонақжайлылық және адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын ұғыну; 
  • адамның ар-ожданына негізделген абыройы мен қадір-қасиетін сақтау;
  • «үшкір бұрыштары жоқ шеңбер» өмірлік философиясы және оның нышандарының (киіз үй, ошақ, табақ, шаңырақ)   терең мағынасына  басты назар аударылады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу:
Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан «Қоғамдық келісім» РММ;
  • өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ;
  • ҚХА құрылымдары;
  • ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы;
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы.  

Тең ұйымдастырушылар:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігі;
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі;
  • ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі; 
  • ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі; 
  • облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері.

Осы жобаның өңірлерде іске асырылу барысы туралы  барлық ақпарат жинақталатын орталықтар ретінде барлық қажетті инфрақұрылымы мен техникалық жабдықтары бар Достық үйлерін айқындау ұсынылады. 
Жобаның әріптестері:

  • «Тұран-Астана» университеті жанындағы «Қазақстантану» ғылыми орталығы;  
  • Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық  университеті;
  • Назарбаев Университеті.

Жобаны іске асыру тетіктері:
Жобаның іс-шараларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы №159 қаулысымен бекітілген, Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылғы дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асырудың 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының, Президент Әкімшілігі Басшысының  2017 жылғы  20 сәуірдегі №17-01-38.24 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының,  ҚР ПӘ Басшысының 2017 жылғы 26 маусымдағы «Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі әрбір өңірдегі жобаларға ҚХА-ның қатысуы жоспарын іске асыру туралы» №4160-1 тапсырмасының, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №337 бұйрығымен бекітілген ҚХА-ның Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының (екінші кезең 2017-2020 жж.) шеңберінде, тиісті нысаналы топтарды ескере отырып (оқушыларға, студенттерге, жұмыс істейтін  жастарға, этномәдени бірлестіктер мен этностарға, қазақ халқына арналған, сондай-ақ, қоныстанушылар топтары бойынша іс-шаралардың өзіндік ерекшеліктері болуы керек), өткізу жоспарланып отыр.    
Жоба барысында мақсатты аудитория мен ортақ міндеттерді ескере отырып, іс-шаралар өткізудің жаңа, стандартты емес түрлері мен әдістерін пайдалануға қабілетті, жас қазақстандық ойшылдарды, әдебиетшілерді, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін тарту, сондай-ақ Қазақстан этностары өкілдерінің ішінен қоғамдық пікір көшбасшыларын іс-шараларға қатыстыру көзделген.   

Жобаның негізгі тақырыптық бағыттары:

  • Мықты елдің мықты адамдары; 
  • Сөздің ұлы құдіреті; 
  • «Үшкір бұрыштары жоқ шеңбер» өмірлік философиясы;  
  • Туған жерім, отбасым-ошақ-қасым, ана тілім;
  • Қазақ тәрбиесі жүйесіндегі ар-намыс пен абырой;
  • Жолаушылар – «жол балалары»: Ұлы даланың қонақты қадірлеу қасиеті;
  • Ұлы даланың ұлы ойшылдары; 
  • Образ, ой, сөз (қазақ әдебиеті);
  • Мәңгілік Тәңірден Исламға дейін; 
  • Рухани киелі жерлер  - ұлы бабалар мұрасы;
  • «Бабадан-балаға/Ел аузынан» - қазақтың ауызекі дәстүрі;
  • Ғасырлар дәстүрлерін сақтау: қазақтардың мәдени  коды және толеранттылық;
  • Атымтай жомарттар елі: қазақ қоғамы және қайырымдылық.

Жоба іс-шараларының нысандары:

  • ҚХА ұйымдастыратын лекторийлер, семинарлар, форумдар және басқа іс-шаралар аясында жоба тақырыптары бойынша дәріс-әңгімелер циклы (бұл дәрістер  циклдары пәнаралық сипатқа ие болуы керек және материалды баяндау тарихи және проблемалық-жүйелілік ұстанымның ұштастырылуына негізделуі тиіс). 
  • Мемлекеттік тілді жеделдете оқытуға арналған заманауи технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша  семинар-тренингтердің шеңберінде қазақ тілінің қалыптасу тарихы мен ерекшеліктері бойынша дәрістер курсын  ұйымдастыру. 
  • Дәстүрлі қазақ тәрбиесі мәселелерін талқылау, оның ішінде мәселені аналар кеңестері отырыстары мен іс-шаралары шеңберінде талқылау. 
  • Кітапханалар мен Достық үйлерінде қазақ халқының тарихындағы жарқын, неғұрлым маңызды күндерге арналған «Күнтізбені парақтағанда» республикалық акциясын ұйымдастыру.
  • Жастар мен этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арнап, қазақ халқы тарихының елеулі даталары мен қазіргі заманғы өмірін  зерделеуге арналған  тақырыптық  акциялар (экскурсиялар, ойындар, желілік  викториналар) өткізу.
  • ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аясында мектептерде және жоғары оқу орындарында қазақ мәдениетінің, ғылымы мен өнерінің жарқын өкілдері туралы сабақтар, тақырыптық сынып сағаттарын, әңгімелер өткізу. Оқушылар мен жастарға арнап ойын түрінде іс-шаралар (көңілді және тапқырлар клубы, брейн-ринг, зияткерлік турнир, ойын-саяхат, викторина, мереке) ұйымдастыру.
  • Достық үйлері жанынан, Қазақстан этностарының өкілдеріне арналған, қазақ қолөнері мен кәсіптерінің пайда болу тарихын және олардың мәнін зерделей отырып, соларды үйрететін курстар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделетін «Мұрагерлер-сақтаушылар-жасампаздар» бағдарламасын әзірлеу және іске асыру.
  • Жастар мен этномәдени бірлестіктер өкілдеріне арнап, қазақ халқының тарихы туралы ғылыми-танымдық, деректі және көркем фильмдерді көрсетіп, талқылауды ұйымдастыру.
  • Өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері үшін, олардың қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениетін, өнері мен ғылымын білуіне бағытталған конкурс ұйымдастыру.  
  • ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының «Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» тарихи- экологиялық акциясын іске асыруға ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің сарапшыларын тарту.
  • Этностық БАҚ-та жоба тақырыптары бойынша ғылыми-көпшілік мақалалар сериясын жариялауды ұйымдастыру.  
  • Жастар  мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне арнап, этностық театрлар сахналарында қазақ драматургтерінің туындыларынан жоба  тақырыптары бойынша спектакльдер қойылуын ұйымдастыру.     
  • Түрлі этностық топтар өкілдерінің қазақ зиялыларының арасынан шыққан қоғамдық пікір көшбасшыларымен тікелей өзара іс-қимыл жасау; ұлттық  музейлерге, театрларға баруды ұйымдастыру;  қазақ ұлттық мәдени кодын бойына сіңірген тұлғалармен тікелей бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін жасай отырып, интерактивті практикалық сабақтар ұйымдастыру.  

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  • еліміздегі  этносаралық қарым-қатынастың бірегей үлгісінің жүзеге асырылуы мен дамуын қамтамасыз етіп отырған мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақтардың тарихы, мәдениеті, философиясы туралы Қазақстан этностарының жалпы білім деңгейінің артуы;
  • қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани игеру арқылы Қазақстан этностарының шоғырлануы; 
  • Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың негізі болған идеяның қазақ халқының мәдени кодының базалық парадигмасымен бірлігі  мәнінің  ашылуы;
  • бірлесу мен этносаралық қатынастар үйлесімінің негізі ретінде қазақтың ұлттық мәдениеті мен менталитеті туралы білімдерді тарату және басқа этностардың оны қабылдау үрдісіне  ҚХА-ның барлық құрылымдарының тартылуы;  
  • этностардың өзара іс-қимыл жасауының коммуникациялық арналарының кеңеюі;
  • басқа этностардың  қазақ халқының құндылықтарын тарату, түсіну және қабылдау үрдісіне жастардың тартылуы;
  • этносаралық өзара іс-қимыл, қазақ халқының құндылықтарын тарату, түсіну және қабылдау үрдісіне қазақстандық қоғамның кең ауқымда тартылуы. 

Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru