Облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы
Төрағасы: Вилен Борисович Молотов-Лучанский
Қарағанды медициналық университетінің ректордың кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ – Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аналитикалық-кеңестік органы болып табылады.
ҒСТ-ның негізгі міндеттері аймақтағы этносаралық және діниаралық қарым-қатынас аясындағы ғылыми-жұмыстарын үйлестіру, Ассамблеяның демократия дамуындағы азаматтық институт ретіндегі рөлін, Қазақстан қоғамының тұтастығын, этносаралық келісімнің жетістіктерін нығайтуға жәрдем беру болып табылады.
Ғылыми-сараптама тобының құрамына этномәдени мәселелерін зерттейтін, және де тұрғындар арасында беделге ие облыстың ғылым, этномәдени бірлестіктерінің, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.
Ғылыми-сараптама тобының отырысы ұдайы түрде өткізіліп тұрады. Оның аясында этносаясаттың, Қазақстан халқы Ассамблеясының аналитикалық жүйелерімен жүргізіліп отырған жұмыстың негізгі мәселелері талқыланады, аймақта ғылыми, әдістемелік, сараптама-дау қызметін жетілдіру идеялары мен тұжырымдамалар ұсынылады.