Жарғы

«Қарағанды облысының

экономика басқармасы» ММ басшысының

      2020 жылғы «    »                                

№    бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) қызметін қамтамасыз ету және оның іс - шараларын өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 43/08 «Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанынан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды, содан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамызындағы № 56/03 ««Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 43/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгертулер енгізілді.

4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.

5. Коммуналдық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын орган «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы:

мемлекеттік тілде: Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Қоғамдық келісім» управления внутренней политики Карагандинской области.

7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64.

 

2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

8. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

9. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе «Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы» ММ бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

11. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

12. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

1) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады;

2) этносаралық қатынастар саласында «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесімен және өңірлік коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау;

3) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

4) Ассамблея қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

5) Ассамблея жұмысын ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

13. Коммуналдық мекеме қызметінің мақсаты этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, облыстық Ассамблеяның қызметін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) облыстағы этносаралық қатынастардың жай-күйі бойынша талдамалық және болжамды материалдарды дайындау және осы мәселелер бойынша мониторинг жүргізу;

2) этносаралық және конфессияаралық қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

3) мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық ұйымдар үшін этносаралық мәселелер бойынша консультациялар өткізу;

4) мемлекеттік этносаясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерделеуді, олардың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізуді, дамытуды болжауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуді ұйымдастыру;

5) облыстық Ассамблеяның ғылыми-сараптама тобының және оның басқа да құрылымдарының қызметін қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік органдармен, бюджеттік және кәсіподақ ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес-құрылымдармен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

7) облыстық Ассамблея Сессиясының, Кеңесінің отырыстарын және облыстық Ассамблеяның басқа да іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;

8) ішкі саясат басқармасы басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік этносаясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар мен баяндамалар дайындау;

9) Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің тіл, мәдениет, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптарын насихаттау бойынша қызметтеріне жағдай жасау;

10) облыстық Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

11) облыстық Ассамблеяның қызметіне ақпараттық қолдау көрсету, облыстық Ассамблеяның қызметін жариялау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, оның ішінде интернет-ресурстарда жұмысты ұйымдастыру және мемлекеттік этносаясатты ілгерілету;

12) Ассамблеяның медиа-жоспарларын әзірлеу және іске асыру;

13) облыстық Ассамблеяның қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;

14) облыстық Ассамблеяның ағартушылық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу;

15) Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, оларды жоспарлауға қатысу;

16) мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүргізетін ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;

17) облыстық Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша ғылыми мақалаларды, монографияларды, оқу құралдарын, баспа қызметін, ақпараттық материалдарды шығаруды ұйымдастыру;

18) облыстық ассамблея қызметінің бағыттары бойынша семинарлар, конференциялар және өзге де іс-шаралар өткізу;

19) қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында қайырымдылықты дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтерді ұйымдастыру;

20) этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуды ұйымдастыру;

21) облыстық Ассамблеяның халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру, халықаралық және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысу;

22) облыстық Ассамблеяның мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;

23) облыстық Ассамблеяның ынтымақтастық туралы жасалған меморандумдары мен келісімдері бойынша міндеттемелерді орындау аясында жұмыстарды ұйымдастыру;

24) мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен іскерлік хат алмасуды жүргізу;

25) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап беретін және коммуналдық мемлекеттік мекеменің Жарғысына қайшы келмейтін мәмілелер жасау және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

15. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

16. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарын немесе құрылтай құжаттарын не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, Қарағанды облысының әкімдігі, немесе прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

 

17. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.  

18. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесідегідей функцияларды жүзеге асырады:

1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

 «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, коммуналдық мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

4) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

5) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

7) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

8) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директорын «Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.

21. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

22. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының коммуналдық мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі келісімі бойынша өзінің орынбасарын және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерін тағайындайды;

9) «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі келісімі бойынша тағайындалатын және босатылатын қызметкерлерден басқа, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу және жазалау шараларын қолданады

11) жоғары тұрған ұйымдарға атқарылған жұмыс туралы ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есепті ұсынады, мемлекеттік мекеменің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

12) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардан және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады және алады;

13) өз орынбасарының және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

14) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

24. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметі барысында сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған ақша, білім беру, сорт сынағы, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, Қарулы күштердің спорт саласында мамандандырылған құрылымдары, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

27. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

28. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жүзеге асырады.

 

6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

30. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

31. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ шешімі бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аумақты тіркеу органдарында тіркеледі.

 

8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

32. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.

33. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.

34. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, коммуналдық мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

35. Таратылған мемлекеттік заңды тұлға кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ қайта бөледі.

36. Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеме кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

 

9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

 

37. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru