Қайырымгерлер мен тәлімгерлер

Төрағасы: TВАРИОНАС ВИТАЛИЙ ИОНО
Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Құрметті консулы

Қарағанды облысында 2017 жылдың 17 қарашасында құрылған облыстық ҚХА Қайырымгерлер мен тәлімгерлер клубы белсенді жұмыс атқаруда. Клуб құрамында облыстың 23 іргелі қайырымгерлері мен меценаттары бар. Клуб мүшелері облыстық ҚХА-ның барлық қоғамдық-саяси шараларына, сондай-ақ түрлі қайырымдылық акцияларына атсалысады.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтық ҚХА-ның қолдауымен 94 қайырымдылық іс-шарасы өткізілді Қайырымдылық көмек көрсету бағытына ынта білдіруші ұйымдар саны арта түсті, бұл өз кезегінде қайырымдылық жұмысының сапасын жүйелеуге оң ықпал етуде.
Казіргі кездегі күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, қайырымдылық жасайтын азаматтардың қатары көбеймесе, азайған емес. Жаһандық дағдарыс жағдайында, халыққа демеу болып, оларға қолұшын беруге ұмтылатын жандардың өсе түсуі көңілге қуаныш ұялатады.

 

 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru