Қарағанды облысы ҚХА жастарының үйлестіру кеңесі

Төрағасы: Қарағанды облысы ҚХА жастарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Урмашов Александр

Облыстық ҚХА Жастар саясаты облыстық ҚХА жастар Үйлестіру кеңесі, «Жаңғыру жолы» Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы аясында, этномәдени бірлестіктердің 16 жастар қанатының жұмыстары, ҚХА ғылыми-сараптамалық жұмысы аймақтың ҚХА жас ғалымдарының пулын қалыптастыру жолымен бірнеше бағытта жүргізілуде.



2018 жылдың сәуір айында «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы (27 адам) жұмысын бастады.
Жастар Үйлестіру кеңесінің және өңірлік штабтың мүшелері қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру, қазақстандық бейбітшілік пен келісімнің үлгісін идеологиялық бағыттағы түрлі ұлттық жобалар, ҚХА жобалары және басқа да өңірлік құрылымдар шеңберінде ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізуде: «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» митингі-реквием, «Қазақстанның жаһандық бастамалары: жастар көзқарасы» халықаралық студенттер форумы, «Ұлы дала Елі» аймақтық тарихи-мәдени экспедициясы, national bookdating, «Қамқор», «Тағзым», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер» акциясы және т. б.

Ауқымды жобаларды жүзеге асыру аясында «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының активі осы жобалардың жастар секторын (контингентін) қамтиды. Сонымен қатар, ҚХА «Жаңғыру жолы» ЭМБ, ЖҮК жастар қанаттарының өкілдері облыс аудандарындағы идеологиялық бағыттағы ақпараттық-түсіндіру топтарының тұсаукесерлері мен қонақ сапарларының спикерлері болып табылады.

 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru