Жаңалықтар



Бүгін Достық үйінде «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты домбырашылардың облыстық байқауы өтті


фото к новости

 Байқауға ұлттық аспабымыз домбырада ойнай алатын этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, домбырамен күмбірлете күй төкті.  Облыстық байқау этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін білу және еліміздегі ұлттық бірегейлікті сақтап, мәдени мұраны танымал ету мақсатында ұйымдастырылған

Сайыстың шымылдығын Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметтолаұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Іс-шараға Тәттімбет атындағы Академиялық ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, халықаралық конкурстардың лауреаты, Ерлан Бақтыгерей, айтыскер ақын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы, фил.ғыл.кандидаты, Жұмағұлов Айтпай Ботпайұлы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің құрметті мүшесі, ардагер ұстаз, Төлеуханова Күліш Төлеуханқызы, қоғам қайраткері, Абдрахманова Майра Төлеубекқызы қазылық етті. Байқау қорытындысында жүлделі бірінші орынға — Осуховская Кристина , екінші орынға - Аленина Виктория , үшінші орынға- Юламанов Ислам ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru