Жаңалықтар
Ұлыстың ұлы күні Достық үйі алаңында "ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!" атты мерекеге арналған іс-шара аталып өтті.
Бүгін Қарағандыда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Шанаи Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.
Бүгін "Наурыз мейрамын" мерекелеу онкүндігінің "Шаңырақ" күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Қарағанды қаласының перзентханаларында жаңа туған балалардың ата-аналарын құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Бүгін Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұжымы "Ассамблея жастары" РҚБ-мен бірлесіп қарттар үйіне барып қайтты.
Бүгін Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы Бикенов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен келісімді нығайтуда және қоғамдық-саяси өмірге үлес қосқан нәзік жандармен кездесіп, оларды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Достық үйінде Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты мерекелік іс-шара болып өтті
29 наурыз күні "Қайырымдылық керуені" республикалық акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері "N4 арнайы мектеп-интернатына"барып, "Қоржын"қайырымдылық акциясын бастады.
27 ақпанда Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
23 ақпанда Теміртау қаласының Достық үйінде Теміртау қаласы әкімдігінің қолдауымен Алғыс айту күніне орай ұйымның облыстық Өкілдігі жанындағы «Ассамблея жастары» қалалық орталығының ашылуы өтті.