Новости Республики

rss
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы 23 Қазан 2021 16:19 Интернеттің, компьютерлік технологиялардың және сауаттылық деңгейінің артуымен адамдар арасында мәлімет алмасу процессінің жылдамдығы да, көлемі де артып, ақпарат ағыны күшейді. Осы құбылысты ескеріп, заманның басты қасиеті болып отырған жаңалыққа сілтеме жасай отырып қазіргі шақты «ақпарат дәуірі» ретінде қабылдау кең тараған. Бастау межесі ғаламдық желінің пайда болуымен сәйкестендірілетін бұл кезең кез келген дәуірлік революциялық жаңалық сияқты адам мен қоғам өмірінің осыған дейін қалыптасқан әдебін түбегейлі өзгертті. 
rss
Өңірді дамытудың өзектілігі 23 Қазан 2021 16:09 Отыз жылдық кезеңде елімізде стратегиялық құжаттар және өңірлік бағдарламалар, инвестициялық жоба, әкімшілік-ұйымдастыру шаралары арқылы өңірлік саясат іске асырылып келеді. Қазақстанның геосаяси жағдайы, минералдық ресурстары және қазба байлықтары, адамзатқа ортақ тарихи-мәдени құндылықтары, таулы-сулы тамаша табиғаты өңірді дамытудың өзектілігін ашып береді. Өңірді көркейту арқылы сол аумақтағы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, шекаралас жатқан елмен сауда-экономикалық байланысты нығайту, өңіраралық дамуды теңестіру, сол арқылы мемлекеттік қауіпсіздіктің іргесін нығайтатынымыз белгілі.
rss
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары 22 Қазан 2021 14:22 Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың арқасында соңғы 5 жылда зардап шеккендердің саны 10%-дан артқан, оның ішінде өндірісте қаза тапқандардың саны 16%-ға азайғанын мәлімдеді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
rss
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды 22 Қазан 2021 13:34 22 қазан 2021 жыл, Нұр-Сұлтан қаласында кезекті «Жасыл кеңсе» III республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды, ол отандық компанияларға өзінің экологиялық саясаты мен энергия үнемдеу тәжірибесін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған. Жеңімпаздар қатарында еліміздің ең танымал кәсіпорындары мен компаниялары бар.
rss
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді 22 Қазан 2021 12:31 Аты аңызға айналған қазақ ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайтын «Мұқағали» көркем фильмі 2021 жылғы 12-28 қарашада Эстонияда өтетін мерейлі 25-Таллин кинофестивалінің «Күңгірт түндер» (PÖFF) негізгі конкурстық бағдарламасына енгізілді.
rss
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері 21 Қазан 2021 17:55 Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы туралы баяндады. Ұлттық жоба бес міндет, төрт бағыттан тұрады. Жоба шеңберінде білім саласының барлық деңгейіндегі ең түйіткілді, ең маңызды мәселелер қарастырылған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
rss
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері 21 Қазан 2021 16:08 Биыл 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойған еді. Осы орайда, елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева министрлік қолға алған жобалармен таныстырды. Оның сөзінше, 10 нақты Ұлттық жобаның ішінде «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – 3 бағыт, 7 міндеттен тұрады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
rss
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет 21 Қазан 2021 12:51 Бүгін Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының шешімдерін және Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына Жолдауын іске асыру тұрғысынан мемлекет Ассамблеясының жаңа міндеттері талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
rss
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді 21 Қазан 2021 11:20 Кеше, яғни 20 қазанда елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандарының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысқандар әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстеме бағаны белгілеу мәселесі талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
rss
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр 20 Қазан 2021 13:51 Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биылғы оқу жылының алғашқы тоқсанын қорытындылары туралы баян. Оның айтуынша, ауысымдарды жеңілдету үшін әр мектепке жеке пәндерді немесе пәндер бойынша жеке сағаттарды қашықтан өткізу арқылы аралас оқытуды ұйымдастыруға құқық берілген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru